26.04.2023 ж. Шымкент қаласы Тұран ауданы Құрсай елдімекені «Аль-Фараби атындағы мектебі» ЖШС – де «Педагогикалық жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және білім сапасын арттыру» тақырыбында «Магнитті мектептер» жобасы аясында жекеменшік мектептер арасындағы тәжірибелік қалалық семинар өтті. Семинар жұмысының негізгі мақсаты — Шымкент қаласы Білім басқармасының Қосымша білім беру оқу салалық орталығы 02.03.2023 ж. ҚР оқу-ағарту министрі Ғ.Б. Бейсембаев пен Шымкент қаласы әкімі М.Д.Әйтеновпен бекітілген 2023-2029 жылдарға арналған «Жол картасы» және бастауыш, орта және жалпы орта білім беретін мектептерінде жүзеге асырылатын жобалардың бірі – «Магнитті мектептер» жобасы аясында оқушылардың жан-жақты дамуын жүзеге асыру технологияларын қолданысқа енгізе отырып, мақсатты білім беру, педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту, іс-тәжірибелерін қалалық деңгейде тарату. Семинарға Шымкент қаласы білім басқармасы Қосымша білім беру оқу салалық орталығының директоры — М.А. Медетбекова, математика бірлестігінің әдіскері әрі «Магнитті мектептер» жобасының жетекші маманы — А. Қисабекова және мемлекеттік, жекеменшік мектептерден 120-ға жуық мұғалімдер, оның ішінде мектеп директорлары, директордың оқу, әдістеме жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысып, тәжірибе алмасты.
Семинарды қалалық білім басқармасы Қосымша білім беру оқу салалық орталығының директоры — М.А. Медетбекова , «Аль-Фараби атындағы мектебі» ЖШС-нің құрылтайшысы — Т.Ү. Үсіпбеков ашты. Мектеп директоры — У.А. Тасыбекова мектеп тарихымен, еңбек жолындағы тынысымен, жеткен жетістіктерімен таныстырды. Іс-шараны қалалық Білім бөлімінің әдіскері — А. Қисабекова қортындылап, білікті, білімді басшы — У.А.Тасыбековаға алғысын айта отырып, семинарда ашық сабақ, шеберлік сабақ, тәрбие сағаты, коучинг сабақтарын көрсетіп, өз тәжірбиелерін таратып, заманауий оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, жас ұрпаққа сапалы біліммен саналы тәрбие беруде, шығармашылық іс-әрекетке баулуда еселі еңбек еткені үшін пән мұғалімдеріне ризашылығын білдірді. Жоғары деңгейде өтілген семинар деп өз бағасын беріп, мектеп әкімшілігі мен ұжымындағы әрбір педагогтың біліктіде білімді мамандар екендігін атап өтті. Сондай-ақ, «Тілек» кітабына ізгі ниеттерімен, жылы лебізді тілектерін білдіріп, семинарға жоғары баға беріп, қорытындылады. Келген қонақтар өте құнды дүниелермен, әдіс-тәсілдерді алғандығы туралы айта отырып, алдағы уақытта тәжірибе алмасуда үнемі тығыз байланыста болатындығын хабарлап, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.